26.12.2023

«Жастар асары» - мен бірге демалдық

«Жастар асары» - мен бірге демалдық

Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері "Макси Молл" СОО-да  орналасқан  "Funky Town" саябағына барып келген соң керемет көңіл –күйде болып, өздерін бақытты сезінді.

Орталықтың 20 тәрбиеленушісі "Бізге қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем керек" тақырыбындағы сурет байқауының  ең белсенді қатысушылары ретінде ойын алаңына шақырылды. Балалар өз суреттерінде шынайы әлем, зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз әлем қандай болуы керек деген ойларын жеткізе білді. Балалар адамдардың бір-біріне  сүйіспеншілікпен қарап , қамқоршы болғандарын  қалайды.

Олардың зорлық-зомбылықсыз әлемі жылулыққа, позитивтілікке, шынайы сезімдерге толы. Төрт сағат ішінде балалар  еркін ойнап, сүйікті пиццаларын жеп, кинозалға барды . Балалар суперқаһармандар  туралы оқиғаларды жақсы көреді. Сондықтан ұйымдастырушылар  балаларды "Супермозг" жаңа мультфильмін көруге шақырды. Бұл отбасымен бірге  көруге  қолайлы фильм.

Балалар мультфильмді тамашалап, бүкіл әлемді  басып алуға тырысқан зұлым данышпанмен күресуге мәжбүр болған Норман үшін жан-тәнімен уайымдады. "Жастар асары" қайырымдылық қорына, басшысы Назарбаев Нұрлыбақытқа және оның әріптестеріне балаларды қолдағаны және "Зорлық-зомбылықсыз әлем" акциясына қатысқаны үшін алғыс айтамыз!